Бас прокуратура жекеменшік оқу орындарының білім беруден бұрын қалтаның қамын күйттеп кеткеніне алаңдап отыр. Мысалы, мына Оралдағы инженерлік-гуманитарлық университет Біріңғай Ұлттық тесттен өтпеген талапкерлерді де ақша үшін оқуға қабылдаған. Дәл осындай былыққа батқан, материалдық базасы сын көтермейтін 20-ға жуық оқу орнының лицензиясы уақытша тоқтатылды. Олардың арасында Астанадағы «Тұран», Алматыдағы Орталық Азия университеті мен Шымкенттегі аймақтық әлеуметтік-инновациялық оқу орны бар.
Ләззат Бөлебаева, ҚР БҒМ білім және ғылым саласын бақылау жөніндегі комитеті төрағасының орынбасары:
-Әзірше, студенттер оқып жатыр. Бірақ, 2 ай ішінде оқу орындары анықталған олқылықты түземесе, лицензияларын сот арқылы тартып алып, мүлдем жапқызамыз.