Елімізде 45 градусқа дейін аяз болады - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елімізде 45 градусқа дейін аяз болады

Елімізде 45 градусқа дейін аяз болады

Қатты аязға байланысты елімізде дабылды ескерту жарияланды.

  • 19 Қаңтар 2018
  • 286
Фото - Caravan.kz

Еліміздің алты облысы мен Астана қаласында дабылды ескерту жарияланды, деп хабарлайдыSputnik Қазақстан.

Синоптиктердің хабарлауынша, 22-26 қаңтар аралығында Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында қатты аяз болады, түнде ауа температурасы —35-40°С-қа дейін жетеді.

24-26 қаңтарда өте қатты аяз —45°С болады, күндіз —27-32°С, кей жерлерде —35°С-қа дейін ауа температурасы төмендеуі мүмкін.


22-26 қаңтар аралығында Қостанай облысында қатты аяз болады, түнде —33-38°С, күндіз —20-25°С аяз болжанған.

Астана қаласында 23-26 қаңтар аралығында түнде —35-40°С, күндіз —27-32°С аяз болады.

Соңғы жаңалықтар