Елімізде әйелдерге арналған пойыздар саны артады - kaz.caravan.kz
  • $ 474.83
  • 515.38
+27 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елімізде әйелдерге арналған пойыздар саны артады

Елімізде әйелдерге арналған пойыздар саны артады

Әйелдерге арналған вагондарда жеті жасқа дейінгі ер балалардың жүруіне рұқсат.

  • 23 Мамыр
  • 6
Фото: Әділет Бірімқұлов/Kazinform

«Жолаушылар тасымалы» АҚ басқарма төрағасы Жәнібек Тайжановтың айтуынша Қазақстанда әйелдерге арналған пойыздарға сұраныс артып келеді, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Kazinform-ға сілтеме жасап.

«Біз «Әйелдер вагоны» жобасын одан әрі дамыту бойынша әлеуметтік сауалнама жүргіздік. Оған 600-ден астам респондент қатысты. Әлеуметтік сауалнама қорытындысы бойынша әйелдер вагондарын тағы үш бағытта іске қосу туралы шешім қабылданды», — деді Жәнібек Тайжанов ведомствода өткен брифингіде.

Жаңадан іске қосылатын «Әйелдер вагоны» пойыздары «Астанадан Семейге, Ақтөбеден Алматыға және Алматыдан Шымкентке қатынайды.

«2024 жылдың бірінші жартыжылдығында 70 мыңнан астам жолаушы «әйелдерге арналған вагондар» қызметін пайдаланды. Бұл көрсеткіш 2023 жылмен салыстырғанда 2 есе артқанын көрсетіп отыр. Әйелдерге арналған вагондарда жеті жасқа дейінгі ер балалардың жүруіне рұқсат», — дейді ол.

Еске сала кетейік, бүгінде әйелдерге арналған 8 пойыз маршруты бар:

— №77/78 «Алматы-Маңғыстау»;

— №351/352 «Алматы — Өскемен»;

— №45/46 «Павлодар-Түркістан»;

— №37/38 «Маңғыстау-Семей»;

— №47/48 «Атырау-Астана»;

— №33/34 «Ақтөбе — Алматы-1»;

— №4/3 «Астана-Алматы-2»;

— №71/72 «Астана-Шымкент».