Елімізде азық-түлік өнімдері мен жанар-жағармай бағасына қатысты ахуал толық тұрақтанды - премьер - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елімізде азық-түлік өнімдері мен жанар-жағармай бағасына қатысты ахуал толық тұрақтанды - премьер

Елімізде азық-түлік өнімдері мен жанар-жағармай бағасына қатысты ахуал толық тұрақтанды - премьер

Астана. 14 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Республика үкімет басшысы Кәрім Мәсімовтың пайымдауынша, елімізде азық-түлік өнімдері мен жанар-жағармай бағасына қатысты ахуал толық тұрақтанды деп санайды. Бұл туралы ол бүгін үкіметте өткен селекторлық жиын барысында мәлімдеді.

  • 14 Желтоқсан 2007
  • 383
Фото - Caravan.kz

«Әкімдердің үйлесімді жұмысы өз нәтижесін беріп, жағдай толық тұрақтанды», -деді Кәрім Мәсімов.

«Мен сіздерге сол үшін ризашылығымды білдіремін, бірақ сонымен бірге, бұл жұмысты одан әрі жалғастырып, тұрақты үйлестіріп отыру қажет, тоқмейілсуге болмайды» — деді ол облыс әкімдеріне.

Үкімет басшысы «азық-түлік өнімдері мен жанар-жағармай бағасына қатысты ахуал апта сайын менің бақылауымда болады», деді.

«Сыртқы нарықтағы стандарттан тыс қауіп-қатерлер үкіметтен де осындай қадамды талап етеді, сол себепті біз кеден-тариф саясатына өзгерістер енгіземіз: тауардың бір түріне экспорттық баж салығы енгізілсе, келесісіне экспорттық баж салықтары азайтылады», — деді премьер.

«Тұтастай алғанда, 24 желтоқсанда өтетін селекторлық жиында осы өзгерістер жария етіледі», — деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті