Елімізде боран салдарынан 5 облыстағы жолдар жабылды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елімізде боран салдарынан 5 облыстағы жолдар жабылды

Елімізде боран салдарынан 5 облыстағы жолдар жабылды

Ақмола, Ақтөбе,, Алматы, Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстарында боран салдарынан жолдар жабылды, деп хабарлайды ҚР ІІМ ТЖД-ның баспасөз қызметі.

  • 4 Ақпан 2016
  • 345
Фото - Caravan.kz

Алматы облысы

04.02. сағат: 10,40-та ауа райының нашарлауына байланысты (қатты жел, боран, көрінбеу) «Үшарал — Достық» (82-184 ш., Көктұма ауылы — Достық ауылы) автожол учаскесінде барлық бағыттар бойынша барлық автокөліктер қозғалысы тоқтатылды.
Ақмола облысы

04.02. сағат: 11.30-да ауа райының нашарлауына байланысты (боран, көрінбеу) төмендегі автожол учаскелерінде:

«Қостанай — Әулиекөл — Сұрған" (232-260 ш., Қостанай облысының шекарасы — Сұрған ауылы);  

«Жезқазған — Петропавл» (377-595 км);

«Жақсы — Есіл — Бұзылық» (0-82 км);

«Екатеринбург-Алматы» (856-917 км., Жақсы кенті — СҚО шекарасы) жолында автокөліктердің барлық түрлерінің қозғалысы тоқтатылды;

«Көкшетау-Атбасар» (0-184 км) жолында жүк және қоғамдық автокөліктеріне қозғалыс тоқтатылды.

Ақтөбе облысы


04-02 сағат: 12.50-де ауа райының нашарлауына байланысты (бұрқасын, жолдың көрінбеуі) «Самара — Шымкент» республикалық тас жолы (773-842 ш., Белогорка ауылы — Дөң ауылына дейін) жүк және жолаушылар автокөліктеріне қозғалыс тоқтатылды.  

Қостанай облысы

04.02. сағат: 10.45-те ауа райының нашарлауына байланысты (боран) автожол учаскесінде:

«Қостанай — Әулиекөл — Сұрған» (108-232 ш., Әулекөл ауылынан — Челгаши — Ақмола облысының шекарасына дейін);

«Жезқазған — Петропавловск» республикалық автожолы (252-377 ш., Қарағанды облысының шекарасынан — Арқалық қаласы, Ақмола облысының шекарасына дейін) барлық автокөліктердің түріне жабылды.

Солтүстік Қазақстан облысы

04.02. ауа-райының нашарлауына байланысты (жаяу бұрқасын, көрінудің нашарлауы) «Еленовка — Арықбалық — Чистополье — Есіл» (17-209 ш.) барлық автокөлік түрлеріне қозғалыс тоқтатылды.