Елімізде бүгінгі жағдаймен 2 млн. 228 мың тонна астық жиналды
Елімізде бүгінгі жағдаймен 1 млн. 418 мың гектар алқапта орақ науқаны жүзеге асырылып, 2 млн. 228 мың тонна астық жиналды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР ауылшаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады. |
Өткен жылы осы мерзімде 1 млн. 773 мың гектар алқапта егін орылып, 2 млн. 766 мың тонна түсім жиналған болатын.
Ауылшаруашылығы министрлігі мамандарының есебі бойынша, қазіргі жағдаймен бір гектардан жиналған орташа түсім 15,7 центнерді құрап отыр. Ал былтыр осы мерзімде орташа түсім бір гектардан 15,6 центнерге жеткен.
Еліміз бойынша дәнді дақылдар егілген жалпы егістік алқабының ауқымы 13,8 млн. гектарды құрайды. Ал өткен жылы бұл көрсеткіш 13,95 млн. гектар болатын. Бүгінгі жағдаймен егістік алқаптарының 12,2 процентінен астық орылды. Ал былтыр осы уақытта бұл көрсеткіш 14,1 процентке жеткен.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін