Жарияланды: 430

Елімізде өткен тәуліктерде жол апатынан 5 адам дүние салды

17-тамыз, жексенбіде елімізде жол апатынан 5 адам мерт болды. Бұл туралы ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігінің баспасөз қызметінен таратқан хабарламада айтылған.

Мәселен, Алматыда шетелдік автокөлік жүргізушісі 74 жастағы жаяу жүргіншіні қағып кетті. Зардап шегуші оқиға орнында көз жұмды. Сондай-ақ, Алматы облысында Алматы-Түрген автожолында жүргізуші әйел автокөлігін аударып алу салдарынан қаза тапты. Қарағанды облысында Қарағанды-Алматы тас жолының 70-ші шақырымында "Тойота" автокөлігінің жүргізушісі машинасын аударып алды. Соның салдарынан жүргізуші қайтыс болып, көлікте отырған 33 және 8 жастағы екі жолаушы жедел жәрдем ауруханасына жеткізілді.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін