Елімізде жаздың аяғына дейін қай елдерге шығуға рұқсат берілген - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+7 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елімізде жаздың аяғына дейін қай елдерге шығуға рұқсат берілген

Елімізде жаздың аяғына дейін қай елдерге шығуға рұқсат берілген

Freedom Finance Life мамандары зерттеу барысында, коронавирустың әлемдік пандемиясы кезінде қазақстандықтардың бару мүмкіндігі бар тек 17 елді анықтады.

  • 7 Тамыз 2020
  • 22
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Baq.kz -ке сілтеме жасап хабарлайды.

Worldometers халықаралық статистикалық сайттың мәліметтеріне сәйкес, қазіргі уақытта Covid-19 ауруына шалдыққан 18,7 миллионнан астам адам айқындалған. Көптеген ел аурудың үдемелі кезеңінен өткен. Кейбір ел шетел азаматтарына шегерасын ашқан, ал кейбіреулері ашуға дайындалуда.

Қазақстандықтар шетелге тек демалу мақсатында шықпайды. Мысалы іссапары, жақындарын көру, емделу немесе әлеуметтік көмек көрсету жоспарлануы мүмкін. Осыған орай, Freedom Finance Life өмірді сақтандыру компаниясы зерттеу жүргізіп, жаздың аяғына дейін қазақстандықтарға баруға тыйым салынған елдерді, біздің туристерді белгіленген ережелерге сәйкес қабылдайтын елдерді, сонымен қатар, шекарасын толық, соның ішінде, демалу үшін ашқан елдерін анықтаған.

Зерттеу барысында Халықаралық әуе көлігі Ассоциациясының (IATA) мәліметтері алынған.

Туристерге баруға толық тыйым салынған елдер

Жалпы алғанда, бұл тізімге 60 астам елдер кірген. Олардың ішінде: Қырғызстан, Өзбекстан, Түрікменстан, Әзербайжан, Израиль, Сирия, Сауд Арабиясы, Шри-Ланка, Куба, Перу, Аргентина, ЮАР, Марокко, Алжир, ҚХР.

Халықаралық рейстерге арналған 15 әуежайын тамыздың 15-не дейін ашу жоспарланған: Тәжікстан, Греция, Румыния, Чили.

Тамыздың 31-не дейін қазақстандықтар үшін келесі елдердің шекарасы жабық: Түрікменстан, Әзербайжан, Моңғолия, Үндістан, Таиланд, Испания, Швеция, Канада, Перу, Колумбия, ЮАР. Сонымен қатар, Италия, туристер үшін шектеуді алып тастаудың болжалды мерзімі туралы мәлімдеді – қазанның 15-нен бұрын емес.

Тыйым салуды толық қолданатын қалған елдер, шекараларын ашу датасын әлі хабарлаған жоқ, ҚР азаматтарына қолжетімді екені белгісіз.

Ішінара шектеу қойған елдер

90-нан астам ел шетел азаматтарын белгіленген ережелерге сәйкес қабылдауға дайын екендігі туралы мәлімдеді.

Олардың ішінде: Ресей, Тәжікстан, Беларусь, Грузия, Армения, Моңғолия, Канада, АҚШ, Бразилия, Еуропа мемлекеттері (Молдованы қоспағанда), БАӘ, Үндістан, Қытай, Австралия, Жапония, Таиланд, Малайзия, Индонезия, Филиппин елі және Жаңа Зеландия.

Әзірше аталған ережелер, демалу мақсатында шыққан туристердің көпшілігіне таралмайды. Алайда, шетелге басқа себептермен барушылар үшін, мысалы, ата-аналардың шетелде оқитын баласы бар, операция немесе іссапар жоспарланған болса, ерекше ережелерді сақтау талап етіледі.


Бірінші кезекте, Covid-19 тесті бойынша нәтижесі көрсетілген медициналық анықтамасы шығу күнінен 7 күннен кеш емес уақытта берілуі тиіс. Ұшып келгенде туристер медициналық сараптамадан өтеді және жеке карантинде 14 күн болады. Кейбір жағдайда, жолаушылардың ұшар алдында алынған жол жүру рұқсаты болуға тиіс. Шетелге баратын туристердің коронавирустан сақтандыру полисінің болуы өте маңызды. Мысалы, Covid-19 сақтандыру Қазақстанда жасалған болса, ол бүкіл әлемде заңды түрде қолданады, — делінген хабарламада.

Туристерге шекарасын ашқан елдер

Бұл тізімде әзірше 17 ел бар: Украина, Ауғанстан, Сербия, Египет, Мексика, Доминикан Республикасы, Мальдив және Багам аралдары.

Тыйым салу толық алынғанмен, ұшып келгенде жолаушылар медициналық сараптамадан өтуге және ауруы жоқтығы туралы анықтамасын ұсынуға тиіс.

Сонымен қатар, IATA тізімінде мәртебесі әлі анықталмаған елдер белгіленген. Мысалы, Бехрейн, Мартиника, Палестина.

Шектеулері толық немесе ішінара алынғанына қарамастан, көптеген елде әліде Covid-19 ауыратындар саны мыңдаған адамға жеткен. Мысалы, АҚШ, Бразилия және Үндістанда – 2 275 553, 741 213 және 587 908 оқиға тіркелді. Сондықтан ҚР азаматтарын шетелдік ұзақ сапарға алдын ала дайындау қажет.

Коронавирустан сақтандыруды алатын болсақ, ол жайында шетелге шығу алдында 14 күн бұрын қамдану керек. Мысалы, Corona Protect сақтандыру, ресімделген күнінен екі аптадан кейін іске қосылады және 6 ай ішінде қолданады. Оның шарттарына сәйкес, емханаға түскен жағдайда, қаржылық көмек алуға болады. Сақтандырылған қайтыс болған жағдайда, төлемді мұрагерлері алады. Сақтандыру төлемі 4900-24500теңге аралығында құбылады, таңдалған төлем жиынтығына тәуелді (100 000 теңгеден 5 000 000 теңгеге дейін), — делінген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар