Елімізде жолдардың ақылы болуы жүргізушілердің наразылығын тудырды - kaz.caravan.kz
  • $ 472.48
  • 550.06
+12 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елімізде жолдардың ақылы болуы жүргізушілердің наразылығын тудырды

Елімізде жолдардың ақылы болуы жүргізушілердің наразылығын тудырды

Еліміздегі жолдар өзін өзі ақтауы тиіс. Шенеуніктердің ойынша, жөндеу жұмыстарына және жол салуға кеткен қаржы трассаларды ақылы ету арқылы қайтарылмақ. Болашақта қалаларды қосатын күре жолдар ғана емес, олардың ішіндегілері үшін де ақша төлеуіңіз керек болады. Ал көлік жүргізушілері енді әр жерде шлагбаумдар салынады дегенге алаңдап отыр. Бұған дейін елімізде автомобиль жолдарының үштен бір бөлігі, яғни 7 мың шақырымы ақылы болатыны туралы сөз қозғалған еді.

  • 14 Наурыз 2015
  • 458
Фото - Caravan.kz

Елімізде ақылы жолдар көбеюі мүмкін. Осыған байланысты көлік жүргізушілері наразылық білдіруде. Олар, әсіресе, үкіметтің қаулысы шыққалы бері алаңдай бастапты. Құжаттың бір бөлімінде жолмен немесе оның белгілі бір бөлігімен жүретін көлік саны артқан жағдайда ол ақылы болуы мүмкін делінген. Ондай шешімді жергілікті билік шығаруы тиіс екен. Ал көлік жүргізушілері, әрине, бұл жаңалықты құптай қойған жоқ.

— Ақылы жол несі? Алдымен жолды дұрыстап жөндеп алсын.

Қала ішіндегі көшелермен жүру үшін ақша төленсе, мегаполисте көлік азаяр еді дейді атқамінерлер. Ал сарапшылардың ойынша, жүргізушілер осы тығырықтан шығу үшін діттеген жеріне тегін күре жолмен жетіп алуы тиіс. Бірақ мұндай жеңілдік заңда қарастырылмаған. Сондықтан бәріне төлеуге тура келеді. Десе де, жолдың барлығын бірден ақылы жүйеге ауыстыру оңай шаруа емес.

Михаил Кленчин, заңгер:

Жолдарды ақылы қылу үшін міндетті түрде жеке қаулы қабылдау керек. Заңдық негізі бар құжат жоқ болса, бірден ақылы жүйеге көшу мүмкін емес.Бұл туралы сөз қозғаудың өзі артық.

Бүгінгі таңда елде жалғыз ғана Астана-Щучье күре жолы ақылы. Келесі жылдан бастап бұл тізімге тәулігіне 25 мың көлік қатынайтын Алматы-Қапшағай магистралы қосылуы мүмкін. Одан түскен қаржыға жолдың сапасын жақсартамыз дейді шенеуніктер.


Қуаныш Ескендіров, «ҚазАвтоЖол» ҰК Алматы облыстық филиалының директоры:

–Күре жолды пайдаланудан жиналған ақша оның жөндеу жұмыстарына жұмсалмақ. Сол арқылы бюджетке түсетін ауыртпалықты азайтамыз. Яғни жолдар өзін өзі ақтауы тиіс. Үкімет тарапынан белгілі бір баға әлі қойылған жоқ. Балжам бойынша әрбір жеңіл автокөлік шақырымына 1 теңгеден төлеуі мүмкін.

Енді еліміздегі бүкіл автомобиль жолдарының үштен бір бөлігі ақылы болмақ. Алдымен, Астана-Теміртау және Астана-Павлодар магистралымен жүретін көлік жүргізушілері алыс сапарға артық ақшасын ала шыққаны абзал.