Еліміздегі егіс алқабының қанша пайызы жиналды? - kaz.caravan.kz
  • $ 450.79
  • 482.21
+26 °C
Алматы
2024 Жыл
17 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Еліміздегі егіс алқабының қанша пайызы жиналды?

Еліміздегі егіс алқабының қанша пайызы жиналды?

Елімізде 3,4 миллион гектар немесе барлық егістік алқаптың

  • 7 Қыркүйек 2015
  • 385
Фото - Caravan.kz

22,7 пайызында астық жиналды.

Бұл туралы бүгін Мемлекет басшысының Ақмола облысына жұмыс сапары барысында Солтүстік Қазақстан,  Қостанай және Ақмола облыстарының әкімдері және ауыл шаруашылығы құрылымдары басшыларының қатысуымен өтіп жатқан кеңесте ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков мәлім етті.

Оның айтуынша, биылғы астық шығымы жаман емес, сондықтан барлық күш оны уақытында ысырапсыз жинап алуға жұмылдырылуда.

«Бүгінгі күні республика бойынша машина-трактор паркінің 99 пайызы дайын. Жаға-жанар маймен қамтамасыз ету мәселесі де оң шешілген. Сондай-ақ, астық қабылдау орындары мен элеваторлар үлкен дайындықтың арқасында биылғы астықты қабылдауға толық әзір. Биылғы жылы ауа райының қолайсыз болғанына қармастан республика бойынша барлығы 17,3 миллион тонна астық жинау жоспарланған. Астық шығымы орташа әр гектарынан 11,7 центнерден шығады деп күтілуде. Бұл бізге нарықтағы сұранысты қанағаттандырып қана қоймай экспортқа да шығаруға мүмкіндік береді», — деді Асылжан Мамытбеков.

Сонымен қатар, министр  осы үш өңірде 6 жобаның жүзеге асырылып жатқанын атап өтті. Оның 3-і бройлер тауықтарының етін өндіретін құс фабрикасы да 1-і сүт өңдеу фермасы және 2-і өсімдікмайын өндіру зауыты болып отыр.


Соңғы жаңалықтар