Жарияланды: 230

Еліміздегі халал аяқ киім

Еліміздегі халал аяқ киім

Соңғы уақытта ен нәрсе болсын, оған халал белгісін жапсыру сәнге айналып, бизнесті дамытудың бір тетігіне айналдырып алу белең алып кеткені соншалық, тіпті, халал деген жапсырмасы бар кез келген қызмет түріне, тауарға күмәнмен қарайтын болдық, ол ол ма, күлкіге айналып жатады.

"Халал аяқ киім" дегенде алдымен ойымызға осы тенденция түскенін жасыра алмаймыз. Алайда,  Дастан Махамбетов есімді жас кәпіскер досымен және бауырымен Астана қаласы маңынан әйелдердің және ерлердің аяқ киімін тігетін Z-shoes компаниясын ашып, ісін ұршықша иіріп, шаруасын дөңгелетіп отыр.

Алғашқы үш жылда тәжірибенің жоқтығына байланысты үлкен шығынға батқанына қарамастан алған бетінен қайтпай, бүгінде өскен, өркендеген бизнесімен көзге түсіп отыр. Дастан мен жанындағылар шикізат пен құрал-жабдықтарды сатып алу үшін 1 млн-ға жуық қаражатын шығын еткен болатын. Соған қарамастан ісі кері кетіп, шығынға батқан. "Біз аяқ киімдерді түрлі маркалармен шығарып келдік, біздің өз брендіміз болған емес, көтерме тапсырыстарды орындадық, алайда, сапаға қол жеткізе алмадық. 8-9 ай өткен соң ақпарат жоқ ортада жүріп өзге аяқ киім өндірушілердің қалай жұмыс істейтінін білмейтінімді ұқтым. Мен Қытайда, Украинада, Түркияда, Полшада қалай жұмыс істейтінін өз көзіммен көру үшін жолға шықтым",- деген ол екі жыл бойы шығыннан көз ашпағандарын жеткізді.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта оның фабрикасы күніне 800 жұп аяқ киім тігеді. Аталмыш компания жетекшісі Дастан Махамбетов күніне 40 жұпқа дейін аяқ киім сататындарын айта келе өздерінің цехы халал технологиясы бойынша жұмыс істейтінін алға тартты.

Яғни, шариғат талаптарынан атамай,  доңыздың, иттің, жыланның, кесірткенің, т.б, жыртқыштардың терісін аяқ киім өндірісінде пайдаланбайтынын, оның орнына қойдың ешкінің, бұзаудың терісінен аяқ киім тігетінен тілге тиек етті. Бұдан бөлек, өнімдерін алыпсатарларға сатпайды, үшіншіден - өздерінің өнімдері клиентке ұнамаса немесе ақау шықса, ақшасын қайтарып береді.

Сөз орайы келгенде айта кету керек, бүгінгі таңда жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары қауымдастығының мәліметі бойынша Қазақстандықтардың тек 1−2% ғана отандық аяқ киіммен қамтамасыз етілген.  

                                                                                                                                                Ақпарат көзі: Ислам кз

 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін