Еліміздің барлық аймақтарында тұрақсыз ауа райы сақталады - kaz.caravan.kz
  • $ 472.48
  • 550.06
+12 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Еліміздің барлық аймақтарында тұрақсыз ауа райы сақталады

Еліміздің барлық аймақтарында тұрақсыз ауа райы сақталады

Алдағы тәуліктерде еліміздің барлық аймақтарында тұрақсыз ауа райы сақталады.

  • 24 Қаңтар 2017
  • 339
Фото - Caravan.kz

Қар жауады, тұман түседі және желдің екпіні күшейеді. Әсіресе, бұл құбылыс солтүстік өңірлерде жиі байқалады. Сондықтан көлік жүргізушілердің жолда абай болғаны абзал. Өйткені жылдамдығы секундына 20 метрге жететін желден аттам жерді көру қиынға соғады. Ал, оңтүстік және батыс облыстарда қар аралас жаңбыр жауып, арты көктайғаққа айналуы ықтимал, — дейді синоптиктер.

— Дауылды ескерту бүгін жіберілді. 25 қаңтарда Ақмола және Павлодар облыстарында желдің екіпіні күшейеді және кей жерлерде бұрқасын болады, дейді «Қазгидромет» РМК инженер-синоптигі Саида Бердібекова.