Жарияланды: 690

Еліміздің барлық мектептерінде «Ерлік сабақтары» өтеді

Еліміздің барлық мектептерінде «Ерлік сабақтары» өтеді

Биыл 1 қыркүйек - білім күні бүкіл Қазақстан бойынша алғаш рет барлық мектептер мен колледждерде ҚР Қорғаныс министрлігінің бастамасымен «Ерлік сабақтары» өтеді, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметінен.

Акцияның негізгі мақсаттары - патриоттық сезімге, еліміздің мақтанышы болуға, Отанды қорғауға және нағыз патриоттың үлгісін қалыптастыруға тәрбиелеу. Бұдан өзге, оқушылар Қазақстан тарихында айтулы күндердің мағынасын ашатын «Мәңгілік ел» ұлттық идеясын жүзеге асыруда қоғамдағы ұлтаралық келісіммен, ел тарихымен, мемлекеттік рәміздермен, Конституциямен танысады. Осы орайда арнайы бейнероликтер мен оқу дәрістері әзірленді.

Білім күні республикамыздың мектептері мен колледждерінде «Ерлік сабақтарын» өткізу үшін ҚР Қарулы Күштерінен барлығы 1 300-ден аса әскери қызметші қатысатын болады. Сабақтарды өткізуге ҚР ҚК генералдары, офицерлері мен сержанттары, сонымен қатар Қорғаныс министрінің орынбасары, ҚР ҚК ӘТК бас қолбасшысы, ҚР ҚК түрлерінің бас қолбасшыларының орынбасарлары, өңірлік қолбасшылықтар мен әскер түрлерінің қолбасшылары, өңірлік қолбасшылықтар мен әскер түрлері қолбасшыларының орынбасарлары, сондай-ақ әскери бөлім командирлері қатысады.

Акция республиканың барлық өңірін қамтыды.

Еліміздің мектептерінде алғаш рет «Ерлік сабақтары» өтеді (ВИДЕО)
 
Еліміздің мектептерінде алғаш рет «Ерлік сабақтары» өтеді (ВИДЕО)
 
Еліміздің мектептерінде алғаш рет «Ерлік сабақтары» өтеді (ВИДЕО)

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін