Еліміздің барлық өңірінде аптаның соңына дейін күн аязды болады - Қазгидромет - kaz.caravan.kz
  • $ 487.17
  • 565.65
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Еліміздің барлық өңірінде аптаның соңына дейін күн аязды болады - Қазгидромет

Еліміздің барлық өңірінде аптаның соңына дейін күн аязды болады - Қазгидромет

Қыс қарашаның ортасында қаһарына мінгелі тұр, деп хабарлады  www.24.kz.

  • 20 Қараша 2014
  • 311
Фото - Caravan.kz


«Аптаның соңына дейін еліміздің барлық өңірінде сынап бағанасы нөлден төмен болады», — дейді Қазгидромет мамандары. Бұл — арктикалық ауа массаларының ағыны есебінен болатын құбылыс. Аязды күндерге, әсіресе, еліміздің орталық және шығыс аймақтары дайын болғаны дұрыс. Мұнда ауа температурасы 15-23 градусқа дейін төмендейді. Ал, солтүстікте жауын жауып, желдің екпіні күшеюі ықтимал.

 — Еліміздің батыс өңірлерінде ауа температурасы 7-15 градус аяз шамасында болмақ, ал оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлерінде 3-11 градус аязға дейін төмендейді. Ал еліміздің солтүстік өңірінде кезекті циклонның әсерінен кей жерлерде жауын-шашынды күн райы байқалып, желдің жылдамдығы күшейеді, —  деді   «Қазгидромет» РМҚК орталығының инженері Әлия Оспанова,