Еліміздің көп бөлігінде жел күшейіп, жаяу бұрқасын соғады - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+19 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Еліміздің көп бөлігінде жел күшейіп, жаяу бұрқасын соғады

Еліміздің көп бөлігінде жел күшейіп, жаяу бұрқасын соғады

3 наурызда республиканың солтүстік, орталық және шығыс бөлігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты, жауын-шашын жауып, кей жерлерде тұман, жаяу бұрқасынмен желдің күшейюі күтіледі, деп хабарлайды Қазгидромет.

  • 3 Наурыз 2016
  • 361
Фото - Caravan.kz

Республиканың қалған аймақтарында жауын-шашынсыз ауа-райы болады. Қарағанды,  Оңтүстік Қазақстан,  түнде Алматы облыстарының кей жерлерінде тұман болады.

Жамбыл, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде тұман, желдің күшеюі 15-20 м/с күтіледі.

Маңғыстау, Атырау, күндіз Қызылорда облыстарының кей жерлерінде желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі.

Қостанай облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын, тұман,  күндіз желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде  тұман, жел 15-20 м/с,  күндіз жаяу бұрқасынмен күшейеді.


Павлодар облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с,  түнде жаяу бұрқасынмен күшейеді. Шығыс Қазақстан облысының  кей жерлерінде тұман, түнде жел 15-20 м/с жаяу бұрқасынмен күшейеді.