Жарияланды: 3400

Еліміздің СІМ қазақтардың Өзбекстаннан шығарылып жатқаны туралы мәліметке қатысты түсініктеме бере алмады

Еліміздің СІМ қазақтардың Өзбекстаннан шығарылып жатқаны туралы мәліметке қатысты түсініктеме бере алмады

 

Бұған дейін өзбекстандық algakarakalpakstan.com порталы сол елдің қауіпсіздік қызметі Қоңырат, Қараөзек, Тахтакөпір аудандарында және Қарақалпақия ауылында тұратын қазақтардың Қарақалпақстаннан шығарылып жатқаны жайлы жазған болатын.

«Бұл аудандарда комменданттық сағат енгізілді және сағат тоғыздан соң көшеге шығуға рұқсат жоқ. Жергілікті тұрғындарға өзбектерге жақындап сөйлеуге болмайды. Екі адамнан артық топ болып жиналуға тыйым салынған»,- деп жазды мақала авторы Аббаз ДАБЫЛОВ.

Әлеуметтік желіде пайда болған осы мәліметке байланысты Caravan.kz медиа-порталы Қазақстанның сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне хабарласып, тараған ақпараттың қаншалықты шындыққа сай келетінін білмек болды.

Өкінішке орай, Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Әнуар Жайнақов түсінік беруден бас тартты. Ол мұны Өзбекстанның ресми дерек көздеріне сілтеменің жоқтығына байланысты мәліметтің шындыққа сай келмеу мүмкіндігімен түсіндірді.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть