Елорда көшелерінде белгілі қазақстандық спортшылардың суреттері ілінеді - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елорда көшелерінде белгілі қазақстандық спортшылардың суреттері ілінеді

Елорда көшелерінде белгілі қазақстандық спортшылардың суреттері ілінеді

Жетекші отандық командалардың басын қосқан «Астана» президенттік кәсіпқой спорт клубы әлеуметтік жарнама әзірледі. Белгілі қазақстандық спортшылар бейнеленген плакаттарды қаланың адамдар көп жүретін жерлерінде орналасқан Astana Bike велопрокатының 110 станциясынан көруге болады, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

  • 16 Ақпан 2016
  • 556
Фото - Caravan.kz

Акцияның мақсаты — жанкүйерлер мен спортқа әуес жандарды біріктіру, сондай-ақ, салауатты және белсенді өмір салттарын насихаттау.

Астаналықтардың назарына қазақстандық спортшылардың, Astana Pro Team велокомандасы, «Барыс» хоккей клубы, «Астана» футбол клубы өкілдерінің, Astana Arlans боксшыларының, «Астана» баскетбол клубы ойыншыларының, Astana Motorsports ралли-рейдтері бойынша команда мүшелерінің суреттері ұсынылады.

Айта кетейік, аталған командалардың арқасында соңғы үш жылда Қазақстанның қоржыны жаңа спорттық жетістіктермен толыға түсті.