Елорда оқушылары халықаралық олимпиадада алты жүлдеге ие болды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елорда оқушылары халықаралық олимпиадада алты жүлдеге ие болды

Елорда оқушылары халықаралық олимпиадада алты жүлдеге ие болды

Алматыда өткен математика, физика және информатика пәндерінен Жәутіков атындағы ХІІ халықаралық олимпиадада астаналық оқушылар 6 жүлдеге қол жеткізді.

  • 19 Қаңтар 2016
  • 336
Фото - Caravan.kz

Қала әкімдігі сайтының хабарлауынша, олимпиадаға 17 мемлекеттен 63 команда (413 оқушы) қатысқан.

Олимпиада қорытындысы бойынша таяу және қиыр шетелдің үздік мамандандырылған мектептерінің жеті командасы анықталды. Командалық есепте Мәскеу қаласының (РФ) №1329 мектебінің командасы Гран-при иеленді.

Олимпиадада сарапқа салынған 191 медальдің 48-ін Қазақстан жеңіп алды, соның ішінде астаналық оқушылар 6 жүлдеге қол жеткізді.

Дарынды балаларға арналған қазақ-түрік лицейінің 10-сынып оқушысы Бидайбек Санжар информатикадан 1-орын және алтын медаль алды. Сондай-ақ, Дарынды балаларға арналған қазақ-түрік лицейінің 11-сынып оқушылары Амангелдин Темірлан мен Низамедин Шайхитдин сәйкесінше, математикадан және информатикадан 2-орын мен күміс медаль алды. Дарынды балаларға арналған қазақ-түрік лицейінің 11-сынып оқушысы  Санжар Елеуов та математикадан қола медаль иеленді. Дарынды балаларға арналған №9 «Зерде» мектебінің 9-сынып оқушысы  Бақдәурен Нарбаев пен Мейрам Серікболсын математикадан 3-орын алды.

«ҚР ҰҒА академигі, қазылар алқасының тең төрағасы Асқар Жұмаділдаев астаналық оқушылардың дайындық деңгейіне жоғары баға берді», делінген хабарламада.


null