Жарияланды: 440

Елорда тұрғындары «Балалық шағымның аспаны» фильмін тегін тамашалай алады

Елорда кинотеатрларында 2012 жылдың 1 және 2 желтоқсанында

қаланың әлеуметтік жағынан аз қамтылған тұрғындарына «Балалық шағымның аспаны» фильмі тегін көрсетілетін болады. Көрсетілім ҚР Тұңғыш Президенті күніне орайластырылған, деп хабарлады Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты. «Балалық шағымның аспаны» - Рүстем Әбдірашевтің Н.Ә.Назарбаевтың балалық және жастық шағы туралы түсірілген бірегей көркем картинасы. Фильм «Оңшылдар мен солшылдарсыз», «Дүние кіндігі», «Еуразия орталығында» кітаптарының желісі бойынша түсіріліп, Елбасымыздың өміріндегі нақты оқиғаларды бейнелейді.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін