Жарияланды: 300

Елордада бензин бағасы өспейді

Елордада бензин бағасы өспейді

Теңге бағамының ауытқуына қарамастан елордада бензин бағасы өспейді.

Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында Астана әкімінің орынбасары Андрей Лукин мәлім етті.

Оның сөзіне қарағанда, қаладағы барлық жанармай құю стансаларында жанар-жағармай материалдарының бөлшек құны бекітілген шекте ұсталып тұр. Осы орайда бағаның артуы анықталмады.

ҚР Энергетика министрінің бұйырыған сәйкес, биылғы мамырда жанармайдың бөлшеу саудасына шекті баға бекітілгенін еске салып өткен ол, Аи-80 бензиніне  89 теңге, Аи-92, 93 - 108 теңге және дизельдік отынға 99 теңге деңгейінде шекті баға айқындалғанын атап өтті.

«Бұл тұрғыда жанар-жағармайға теңге бағамының ауытқуына қарамастан, қалада баға тұрақты болады», - деді әкім орынбасары.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін