Елордада бозбала бойжеткенді пышақтап өлтірді - kaz.caravan.kz
  • $ 487.17
  • 565.65
+27 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елордада бозбала бойжеткенді пышақтап өлтірді

Елордада бозбала бойжеткенді пышақтап өлтірді

 Елордалық 17 жастағы бойжеткенді танысы пышақтап өлтірді.

  • 19 Қараша 2014
  • 534
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Астана қалалық Ішкі істер департаментінің баспасөз хатшысы София Қылышбекова  мәлім етті.

«Астана қалалық ішкі істер департаментінің қызметкерлері елорданың 17 жастағы тұрғынын өлтірді деген күдікпен азамат М-ны тұтқындады. Қыз пышақ жарақатынан көз жұмды. Айта кетерлігі, күдікті зардап шегушінің анасына да пышақ жарақатын салған», — деді ол.  

Алдын ала мәліметтерге сәйкес, бозбала мен бойжеткен бір-бірімен таныс болған.


«Күдікті тергеу абақтысына қамалып, оның үстінен ҚР ҚК-нің 96 бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта барлық қажетті сараптамалар тағайындалып, тергеу амалдары жүргізілуде», — деді С.Қылышбекова