Елордада көлік ұрлаумен айналысқан ұры қолға түсті
Елордада көлік ұрлаумен айналысқан 31 жастағы ұры қолға түсті. |
Бұл туралы бүгін Астана қалалық ішкі істер департаментінің Тергеу басқармасы бастығының орынбасары Талғат Жұманов мәлім етті.
Оның айтуынша, 22 маусым күні Сарыарқа аудандық ішкі істер басқармасына маусымның 21-інен 22-сіне қараған түні аулада тұрған «Фольксваген Пассат» маркалы көлігінің ұрланғандығы туралы 46 жастағы азамат өтініш берген. «Айдап әкету» жедел алдын алу іс-шарасы барысында 17 шілде күні бұған дейін бірнеше мәрте сотталған 31 жастағы елорда тұрғыны аталған қылмысқа күдікті ретінде ұсталды. Ол осы қылмысты және бірнеше көлікті ұрлағандығын мойындап отыр», - деді ол.
Т.Жұмановтың атап өтуінше, осы іс бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдікті уақытша оқшаулар орнына қамалған.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін