Елордада сәуір айындағы әлеуметтік пакеттер таратылды - kaz.caravan.kz
  • $ 487.17
  • 565.65
+28 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елордада сәуір айындағы әлеуметтік пакеттер таратылды

Елордада сәуір айындағы әлеуметтік пакеттер таратылды

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы BAQ.KZ -ке сілтеме жасап хабарлайды.

Кепілдендірілген әлеуметтік пакеттер елорданың 4 ауданындағы "Магнум" ЖШС сауда желісінің 5 супермаркетінде белгіленген кесте бойынша беріледі

  • 20 Сәуiр 2020
  • 7
Фото - Caravan.kz


Кепілдендірілген әлеуметтік пакеттер елорданың 4 ауданындағы "Магнум" ЖШС сауда желісінің 5 супермаркетінде белгіленген кесте бойынша беріледі.

тап1.JPEG

Нұр-Сұлтан қаласы бойынша "Магнум" ЖШС сауда желісіне мына көшелерде орналасқан:
Алматы ауданы, Еділ көшесі, 26, Жансүгіров көшесі, 8/1 «Б» литері; Байқоңыр ауданы, Ш. Уәлиханов көшесі, 20; Есіл ауданы, Тұран даңғылы, 55 "Д"; Сарыарқа ауданы, Алаш тас жолы, 23/1.
тап2.jpg

Нұр-Сұлтан қалалық жұмыспен қамту әлеуметтік қорғау басқармасының мәліметі бойынша әлеyметтiк топтaмаларымeн 4409 баланы қамтуды жоспарлап отыр.

тап3.JPEG
Әр жас шамасындағы балалар үшін мынандай азық-түлік пакеті беріледі:

1-3 жас аралығындағы балалар кепілдендірілген әлеуметтік топтамасында 2 дана 400 г сұлы жармасы, 1 дана 400 г жүгері жармасы, 2 дана 160 г гипоаллергенді балалар ботқасы, 1 дана 180 г балалар печеньесі, 10 дана 50-100 г балалар жеміс және көкөніс езбесі, 2 дана 1 л пастерленген сүт алады.

3-6 жас аралығындағы балаларға 200 г табиғи бал (1 дана), 800 г ұнтақталған бұршақ (1 дана), 1000 гр арпа жармасы (1 дана), 700 гр ұнтақ жармасы (1 дана), 400 гр сұлы қауызы (2 дана), 800 гр қарақұмық жармасы (2 дана), 400 гр макарон (2 дана), 250 гр таңғы ас жастықшалары (1 дана), 0,8 л күнбағыс майы (1 дана), 200 гр балалар печеньесі (2 дана), 40 гр гематоген (6 дана), 1 л пастерленген сүт беріледі (2 дана).

Ал тұрмыстық химия заттары 1-6 жас аралығындағы балалар үшін тоқсанына бір рет беріледі:

Балалар тіс пастасы (кемінде 50 миллилитр), балалар тіс щеткасы, (кемінде біреуі), балаларға арналған гипоаллергенді сабын (кемінде 180 грамм), балалар сусабыны (кемінде 200 миллилитр), балалар кремі (кемінде 45 миллилитр), кір сабын (кемінде 200 грамм), балалар кір жуғыш ұнтағы (кемінде 800 грамм) кіреді.