«Енді Айдын ғарышқа сөзсіз ұшады!» - Талғат Мұсабаев - kaz.caravan.kz
  • $ 474.83
  • 518.99
+29 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Енді Айдын ғарышқа сөзсіз ұшады!» - Талғат Мұсабаев

«Енді Айдын ғарышқа сөзсіз ұшады!» - Талғат Мұсабаев

Мәскеу түбіндегі Жуков қаласында өтіп жатқан «МАКС-2015» халықаралық авиациялық-ғарыш авиафорумы аясында

  • 27 Тамыз 2015
  • 711
Фото - Caravan.kz

Қазақстан Республикасының ғарышкерін Халықаралық ғарыш стансасының ресейлік сегментіне ұшыру жөніндегі шартқа қол қойылды.

Қазғарыш делегациясы мен Ресейғарыш алдында құжатқа ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Аэроғарыш комитетінің төрағасы Т.Мұсабаев пен Ресейдің Федералды ғарыш агенттігі басшысының міндетін уақытша атқарушы Александр Иванов қол қойды.

Қазғарыш басшысы Талғат Мұсабаев айтқандай, келісімшартта қазақстандық ғарышкер Айдын Айымбетовты ұшуға дайындау, ұшырту және ұшып келгеннен кейін қалыпқа келтіру қызметін көрсету мен жұмысты орындау туралы жазылған.

Келісімшартқа сәйкес, жоспарланған ұшу ұзақтығы 10 күнді құрайды. Оның ішінде ұшу бағдарламасына сәйкес ХҒС-ына дейін 2 тәулік ұшу және ХҒС-ындағы ресейлік сегментте 8 тәулік болу кіреді.


Келісімшарт құны бір миллиард жүз миллион рубльді құрайды.

Келісімшарт қол қойылған күні, яғни 2015 жылдың 26 тамызында күшіне енді. «Енді Айдын ғарышқа сөзсіз ұшады!», — деді Қазғарыш басшысы.

Еске сала кетейік, экипажында Сергей Волков (Ресейғарыш), Айдын Айымбетов (Қазғарыш) және Андреа Могенсен (ЕҒА) бар «Союз ТМА-18М» ғарыш кемесі Байқоңыр ғарыш айлағының Гагарин алаңынан 2015 жылы 2 қыркүйекте Астана уақытымен сағат 10:34 ұшырылады деп жоспарланған.

234