Жарияланды: 1000

«Енем пәктігімді тексерді» Жас қызды зорлады деген күдікті шенеуніктің әйелі өзге сұмдықтар туралы айтып берді

«Енем пәктігімді тексерді» Жас қызды зорлады деген күдікті шенеуніктің әйелі өзге сұмдықтар туралы айтып берді

Кәмелетке толмаған қызды зорлады деген күдікке ілінген Қостанай облысы Лисаков қаласы әкімдігі қызметкерінің әйелі күйеуі туралы жаға ұстатарлық сұмдықтар жайлы айтып берді.

Бұл туралы экс-шенеуніктің жары НеМолчи қорының жетекшісі Дина Тансариге жазған, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

«Кеше Талғаттың әйелі #NeMolchiKZ қорына хабарласты. Ол бізге экс-шенеуніктің әрекетін растайтын cұмдық мәліметтерді айтып берді.

Олар Вконтакте желісі арқылы танысқан. Ол кезде қыз 17 жаста болған, ал экс-шенеунік әдеттегідей өзін жас жігітпін деп таныстырып, 24-те екенін айтқан. Шын мәнінде ол кезде жігіт 31 жаста болған.

Ал 2019 жылдың тамызында қызды 17 жасында алып қашқан, сөйтіп 2020 жылы заңды түрде үйленді. Сол жылы қыздары дүниеге келген. Енесі қызды алып қашып келгенде ең бірінші оның пәктігін тексертіпті.

Әйелі тұрмыстық зорлық-зомбылыққа  үнемі ұшырап, балағат сөздерді жиі естіпті. Ең сорақысы оның басқа қыздармен интимдік тақырыпта хат алмасуын жиі көріп, ашуға берілген. "Бірақ ол дөрекілік танытып, ісіне араласуыма рұқсат бермеді. Ақыры шыдай алмай, басқа қалаға ата-анама кеттіп қалдым", деп жазған әйелі.

Олар бірге екі жыл өмір сүрді, осы жылдар бойы әйел одан зардап шегіп келіпті. Көп нәрсені бастан өткергенін айтады.

«Кеше әлгі оқиға жайлы естіген соң, бұлай қалдырмаймын деп шештім. Ақырына дейін барамын, әркім өз ісі үшін  жауап беруі керек», – деп жазды ол.

Оның бізді тастап кеткеніне бір жыл болды, осы уақыт ішінде бірде-бір рет баласын іздеген жоқ, алиментті кеш төлейді, қарызы бар. Біз толығымен қолдаймыз, өйткені зорлық-зомбылық үшін жазалануы керек»,- деді келіншегі.

«Идеолог, мемлекет үгітшісі қалай бала зорлаушы болып шықты? Кәмелетке толмаған қызды ұрлап, онымен заңсыз некеге тұрған, алимент төлемейді, қаншама нәрсе? Ал Ғабдрахманов ішкі саясат бөлімінің басшысы ретінде жыл сайынғы «Үздік отбасы» байқауының ұйымдастырушысы болды емес пе»,- деп жазды Дина Тансари

Лисаков қаласы әкімдігінің қызметкері кәмелетке толмаған қызды зорлады деген күдікке ілінді

Еске салсақ, кеше кәмелетке толмаған қыздың анасы Лисаков қаласының Ішкі саясат бөлімінің басшысы қызын зорлады деп айыптады. Әйел полицияға арыз берген."Қылмыстық кодекстің 120-бабы, 3-1-бөлігі, 1-тармағы ("Кәмелетке толмаған баланы зорлау") бойынша соталды тергеу басталды. Тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Осы өтініштен басқа полицияға басқа арыздар мен хабарламалар түскен жоқ. Полицейлер жәбірленушілер болған жағдай құқық қорғау органдарына хабарлауын сұрайды. Ақпарат құпия сақталатынына кепілдік беріледі", - деп түсіндірді Полиция департаменті өкілі.
 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін