Жарияланды: 350

ЕҚЫҰ өкілі Астанада сөз бостандығын қорғау саласындағы мәселелерді талқылайды

ЕҚЫҰ-ның БАҚ бостандығы мәселелері жөніндегі өкілінің бүгін Қазақстанға сапары басталады.

ҚР СІМ ресми өкілі Алтай Абибуллаев бүгін Астанада қысқаша баспасөз мәслихатында мәлімдегендей, Д.Миятовичтің сапары 1 қарашаға дейін жалғаспақ. 31 қазан күні ЕҚЫҰ өкілін ҚР Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов қабылдайды. Олар ЕҚЫҰ кеңістігіндегі сөз бостандығы мен пікір білдіруді қорғау және ілгерілету саласындағы нақты мәселелерді талқылайды. Сонымен қатар, Д.Миятович Астанада Мәдениет және ақпарат министрі Дархан Мыңбаймен, президент кеңесшісі Ермұхамет Ертісбаевпен, республикадағы адам құқықтары жөніндегі уәкіл Асқар Шәкіровпен кездеседі.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін