ЕҚЫҰ Қазақстанда алқа билер институтын жетілдіру жөнінде нұсқаулар дайындады - kaz.caravan.kz
  • $ 472.48
  • 550.06
+12 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ЕҚЫҰ Қазақстанда алқа билер институтын жетілдіру жөнінде нұсқаулар дайындады

ЕҚЫҰ Қазақстанда алқа билер институтын жетілдіру жөнінде нұсқаулар дайындады

Астана. 18 маусым. "Қазақстан Бүгін" - ЕҚЫҰ Қазақстанда алқа билер институтын жетілдіру жөнінде нұсқаулар дайындады. Бұл туралы ҚР Жоғарғы сотының төрағасы Қайрат Мәми "Қазақстанда алқа билердің қатысуымен өткен сот мәжілістеріне мониторинг жүргізу" атты жоба бойынша алдын-ала есептің тұсаукесері барысында мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 18 Маусым 2008
  • 958
Фото - Caravan.kz

«ЕҚЫҰ Демократиялық институттар және адам құқығы жөніндегі бюросы бүгін «Қазақстанда алқа билердің қатысуымен өткен сот мәжілістеріне мониторинг жүргізу» атты жоба бойынша алдын-ала есептің тұсаукесерін өткізді», — деді ол. «Есепте көрсетілген ұсыныстарды соттар мен барлқы мүдделі органдар жан-жақты талқылайды», — деді Қ.Мәми.

Құжатта жалпы алғанда Қазақстанда алқа билер институтын жетілдіру жөнінде 40 нұсқау берілген.

ЕҚЫҰ Демократиялық институттар және адам құқығы жөніндегі бюросының сарапшысы Данияр Қанафиннің нақтылауынша, 2007 жылдың 1 қаңтары мен 31 желтоқсаны аралығындағы мониторинг барысында 10 облыс пен Алматы және Астана қалаларында арнайы дайындалған байқаушылар 28 процеске барған. Олар сондай-ақ, Қазақстанның 10 облысында алқа билердің тізімін жасау тәжірибесін зерттеді. Жалпы осы мерзімде елде алқа билердің қатысуымен 40 сот мәжілісі өтті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті