ЕҚЫҰ Қазақстанға тұтқындау санкциясы бойынша арнайы сот құруды ұсынды - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+11 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ЕҚЫҰ Қазақстанға тұтқындау санкциясы бойынша арнайы сот құруды ұсынды

ЕҚЫҰ Қазақстанға тұтқындау санкциясы бойынша арнайы сот құруды ұсынды

Астана. 12-желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - ЕҚЫҰ сарапшылары Қазақстан Республикасына тұтқындау санкциясы бойынша арнайы соттар құру мүмкіндігін қарастыруды ұсынып отыр. Тұтқындауға сот рұқсатын беру мәселелеріне арналған "дөңгелек үстел" барысында Қазақстан Республикасындағы ЕҚЫҰ орталығы басшысының орынбасары Жаннет Клетцер осындай пікір білдірді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

  • 12 Желтоқсан 2007
  • 504
Фото - Caravan.kz

«Тұтқындаумен қатар, тінту, телефонмен сөйлесуді тыңдау және хабарламаларды жолдан ұстап алу, мүлікке тоқтау салу және т.б. сияқты азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандығын шектейтін өзге де әрекеттерге рұқсат беретін арнайы соттар құру мәселесін қарастыруды ұсынамыз», — деді Жаннет Клетцер.

Оның айтуынша, «бұл әділеттіліктің іске асуының объективтілігіне және бейтараптылығына қосымша кепіл болады, азаматты болуы мүмкін қателіктен жақсы қорғайтын еді». Сонымен қатар, «бұны Қазақстан бекіткен азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пакті де талап етеді».

«Кейбір елдерде тұтқындауға санкция беру құқы бір еңбек ұжымына біріккен және бір мезгілде істерді мәніне қарай қарастыруды іске асыратын соттарға берілген. Көптеген сарапшылардың айтуынша, дәл осындай тәжірибе тұлғаны тұтқындау туралы шешім қабылданар кезде толық объектвтілікке жетуге мүмкіндік бермейді», — деп түсіндірді Ж. Клетцер.

Сонымен бірге, ол ЕҚЫҰ «Қазақстанның заң шығарушы органы халықаралық гуманитарлық құқық ережелерін нормативтік-құқықтық базаға енгізу бойынша тиісті шараларды орындауға дайын екендігін қуана құптайды», — деп атап көрсетті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті