Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшін ақы төлеу тәртібі өзгереді - kaz.caravan.kz
  • $ 478.58
  • 520.84
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
21 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшін ақы төлеу тәртібі өзгереді

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшін ақы төлеу тәртібі өзгереді

Мәжіліс ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшін төлем алу тәртібін жетілдіру туралы заңды Салық кодексіне ілеспе түзетулермен екі оқылымда қабылдады. Түзетулерге Парламент депутаттары бастамашы болды.

  • 19 Маусым
  • 6
© Sputnik / Tomas Tkhaitsuk / Медиабанкке өту

 Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sputnik.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Негізгі ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдалану саласындағы заңнаманы одан әрі жетілдіруге бағытталған. Оның аясында ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшін бюджетке түсетін төлемдерді есептеу және төлеу тәртібін реттеу алынып тасталады.

Сондай-ақ мемлекеттік органдардың құзыреті айқындалады. Сонымен қатар әкімдіктерге 2026 жылдың 1 қаңтарына дейін мемлекеттік энергия өндіруші ұйымдардың ысыраптарын субсидиялау құқығы беріледі.

Бюджет және Орман шаруашылығы кодексіне, «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы», «Электр энергетикасы туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» заңдарға өзгерістер енгізіледі.

Ілеспе заңда Салық кодексінен бюджетке түсетін ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшін төлемді есептеу және төлеу тәртібін реттейтін нормалар алынып тасталады.

Сондай-ақ «электрондық лотерея билеті» ұғымы енгізіледі. Тұрмыстық аспаптарды және тұрмыстық электр техникасы аспаптарын, сондай-ақ олардың құрамдастарын өткізетін өзге де тұлғалар (дистрибьюторлар) қосымша құн салығын төлеуден босатылады. Бүгінгі күні осындай жеңілдік осы тауарларды өндірушілер мен олардың уәкілетті өкілдеріне берілген.