Ерке Есмахан Баянның жолын қуатын болды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.44
  • 480.51
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ерке Есмахан Баянның жолын қуатын болды

Ерке Есмахан Баянның жолын қуатын болды

"Алматыда жоқ,жоқ. Астанада жоқ,жоқ" деп бүкіл Қазақстанға әндеткен танымал әнші жұртшылықты таң қалдырды.

  • 5 Қыркүйек 2017
  • 11038
Фото - Caravan.kz

Өзінің Instagram парақшасында Ерке кітап жазатыны туралы мәлімдеді:

Әнші өзінің кітабының атауын "Еркенің ерке сөздері" деп атайтынын мәлімдейді.  Алайда оқырмандар жұлдыздың бұл бастамасына бірден қарсы шықты:


"Көпшілік оқитын болған соң, кішкене ойланып, сөзіңді салмақтап, саралап жазсаң болар еді. Өзің айтқандай, бәрі уақытша. Ел сүйетін өнер адамы тек қана мен деген ойыңды қой. Уақыт өтеді, сені де ұмытады. Елдің есіңде тәлпіштігіңмен қалып қойып жүрме. Жерге түсе ғой, жұлдызсымақ" , — дейді бір оқырман.

"Иә, қазір өз өмірі туралы кітап жазушылар көбейіп кетті ғой. Басқа шаруаң жоқ болса, соларға қосылсайшы, бірақ сен не туралы жазбақсың? Тойлар жайлы ма?" , — деп сұрақ қояды Еркеге екінші бір оқырман.

 Баян Мақсатқызы бір сәтте-ақ елдегі ең сатылымды кітаптың авторы атана кетті. Атышулы продюсердің шәкірті де ұстазынан қалмақ емес. Ал Сіз Есмаханның кітабын алар ма едіңіз?

Соңғы жаңалықтар