"Еркектердің бүйіріне кенеше жабысқан қатындар. Мойнында засосы бар": Бурабай ашыналы аймаққа айналған ба? - kaz.caravan.kz
  • $ 441.58
  • 480
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Еркектердің бүйіріне кенеше жабысқан қатындар. Мойнында засосы бар": Бурабай ашыналы аймаққа айналған ба?

"Еркектердің бүйіріне кенеше жабысқан қатындар. Мойнында засосы бар": Бурабай ашыналы аймаққа айналған ба?

Әлеуметтік желіде Бурабайдың мән-жайы туралы талқыланды. 

  • 18 Тамыз 2022
  • 9547
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Тортуыл Шоқанның  фейсбуктегі парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

Тортуыл Шоқан демалыс орнына көпбалалы аналарға демалу үшін жолдама берілсін деген ұсынысын айтты. 

"Арма, достарым?

Бурабай жерінде кіл байларға-ғана қызметтің түрін көрсететін көп демалыс орындары бар.
Адам басына біркүндік ақысы 50 мың теңгеден кемі жоқ.
Жеке үй жалдасаң—тамағын қоспағандағы құны 200 мың теңге айналасында.

Қаптаған ресейлік орыстар жүрген қазақтың ең көркем аймағында балаларын қыдыртып жүрген көпбалалы ана көрмедім.
Балаларын ақша шығарып демалдырғаннан-гөрі, сол 500 мың теңгеге 5 баласын мектепке дайындауды дұрыс деп санайтыны анық.
Қазақстандық байлар мен барлар есебінен әбден байыған демалыс орындарына үкімет көпбалалы аналарға жолдама неге бермейді?!
Өз елінде өмір сүрген мұндай адамдар, кедей болғаны үшін раһат көрмеуі кере пе?

Астанадан бастап Шушинск—Бурабайға дейін ішкі істер қызметі—жол полициясы әрбір 50 метр сайын тұрды.
115 000 000 теңгеге той жасаған Нәлібаев сияқты бір бай—әкім барды ма, әлде осындайларды байытқан Назарбаев барды ма, ит біледі.

Қымбат көліктен түсе теңселген еркектер бүйіріне кенеше жабысқан қатындарды көріп— Бурабай — ашыналы аймаққа айналғанба дерсің..

Қарағайлы аймақтың саф ауасын жұтып—демалып жүрген қарапайым қазақ аз.
Қырымдағы саяси ахуалдан қашқанның көбі, әкесінің үйінде жүргендей талтаңдайды.
Орыс ұлтын — мәдениеттің бастауы санап келген жарты өмірім босқа өткендей күй кештім..

Астанадан Алматыға ұшатын ұшақтағы қасымдағы орынға — мойнында дәу засосы бар—қараторы келіншек отырды.
Ол да сол Бурабайдан келе жатса керек..

Қазаққа бұл табиғатты құдай сыйламаған.


Батыр Ата—Бабалар ерлігі мен Аналарымыз көзжасы арқасында келген.

Сұлу табиғаты мен әлемдік туризмге қосар қомақты үлесі— ел қазынасына орасан пайда әкелетін мүмкіндігі бар ел шенеуіктері қарабастары қамын-ғана жасап, ашыналарына ақша шашқаннан басқаны ойламамаса — бәрі бекер.
Бай кәсіпкерлерге тапқан пайдасын жасыруға мүмкіндік беретін жемқорлық бар да, қолында билігі бар қазақтардың кедей қандасы — көпбалалы аналарға жағдай жасауы екіталай.

Қайыққа отырғызып алып— контингент ыңғайына қарап тарих айтатын гид-терді тексеру қажет.
Қайықта қазақ көп болса тарихты қазаққа ыңғайлап, орыс көп болса орысқа ыңғайлап соға беретін сыңайлы.
Хан Абылайды — «чабан» деп, оның сабалақ деген қосалқы есімін нищеброд деп аударып —таныстырудың тіптен қажеті жоқ.

Бурабай ауданы Әкімшілігі мен, оларға қарасты ішкі саясат қызметіне істеуі керек жұмыс көп екен…, деп толықтай баяндап берді. 

 

Арма, достарым? 1 жасқа толған жиенге өзінің ата-апасы Астанада тұңғыш немерелері тұсауын кестіретін болып— тойларына…

Posted by Тортуыл Шоқан on Wednesday, August 17, 2022

 

Соңғы жаңалықтар