Жарияланды: 1200

Ерлі зайыптылар арасындағы жанжал өліммен аяқталды

Ерлі зайыптылар арасындағы жанжал екі бірдей кісі өлімімен аяқталды. Қанды оқиға Ақмола облысының Бурабай ауданында орын алды. Ұрыс-керістен кейін күйеуі алдымен әйелінің басын балтамен шауып, артынан өзі асылып қалған.

Үйдегі қанды оқиғаны алдымен әке-шешесіне қонаққа келген ұлдары көріпті. Полицияға хабарлаған да солар. Оқиға орнына дереу жеткен тәртіп сақшылары 1961жылы туған азаматшаны күйеуі балталап өлтіргенін анықтады. Кейін қора жаққа барып өз-өзіне қол салған. 56 жастағы отағасы өлер алдында «Қош болыңдар!» деп тілдей хат қалдырыпты. Басқа ештеңе жазбаған. 

Рүстем Шаймұратов,Ақмола облыстық ІІДбаспасөз қызметінің инспекторы:

- Оқиға орнына жедел іздестіру тобы барды. Тергеу амалы кезінде  отбасындағы жағдай жақсы екені белгілі болды. Қазір тергеу жүргізіліп жатыр. Мәйіттер мәйітханаға жөнелтілді.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін