Солтүстік Қазақстан полицейлері есірткі қылмысымен айналысты деген күдікпен Ақмола облысының тұрғынын құрықтады.
Есірткі сатумен айналысатын ер адам 4 келіге жуық гашиш пен 36 кг марихуананы Mercedes-Benz автокөлігіне ауыстырмақ болған, деп сейсенбі күні «Интерфакс-Қазақстан» агенттігіне облыстық ІІД баспасөз хатшысы Динара Сағындықова хабарлады.
Қылмыстық келісімге есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасы қызметкерлері тосқауыл болды. Олар күдіктіні Көкшетауда қылмыс үстінде қолға түсірді.
Қазір ол тергеу изоляторына тоғытылып, аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.