Жарияланды: 340

ЕурАзЭҚ елдері кеден қызметінің басшылары Душанбеде бас қосады

Душанбе қаласында ЕурАзЭҚ елдері кеден қызметінің басшылары Кеңесінің 23-отырысына дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр. Мәжіліс 26-наурызда Тәжікстан астанасындағы "Кохи Вахдат" кешенінде басталады,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

Тәжікстан Республикасы мемлекеттік кіріс және алымдар жөніндегі министрлігінің кедендік департаментінен хабарлағанындай, осыған байланысты бүгін ел астанасында сарапшы жұмыс топтарының мәжілісі басталды. Мәжіліс Қазақстан, Беларусь, Ресей, Тәжікстан және Қырғызстан Республикалары кеден қызметі басшыларының кеңесінде талқыланатын мәселелерді пысықтайды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін