ЕуроОдақ Ресейге тағы санкция салмақ - kaz.caravan.kz
  • $ 487.17
  • 565.65
+27 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ЕуроОдақ Ресейге тағы санкция  салмақ

ЕуроОдақ Ресейге тағы санкция салмақ

Еуропалық Одақ осы Украинаның шығысындағы сепаратизмді қолдаушыларға қатысты жеке санкциялар тізімін ұлғайтпақ. Одаққа мүше елдердің Сыртқы істер министрлері осындай шешімге келді.

  • 19 Қараша 2014
  • 170
Фото - Caravan.kz


Оған сәйкес, тізімге ілінгендердің Еуропадағы барлық активтеріне шектеу қойылып, өздеріне ЕуроОдақ аумағына кіруге тыйым салынады. Бүгінде бұл тізімде ресейлік белді саясаткерлер мен кәсіпкерлері бар жалпы саны 119 адам кірген. Жаңа тізім санкция күшіне енгенде, яғни осы айдың соңында жарияланбақ. Еуропалық Одақ басшылары Украинаның шығысына сарбаздары мен әскери техникасын әкелуді тоқтатпайынша, Ресейге дипломатиялық және экономикалық қысым жасауды жалғастырған жөн дейді.