Бұл туралы сейсенбі күні жарияланған ЕО-ның «Еуростат» статистика қызметінің мәліметтерінен белгілі болды.
«Еуростат» мәліметтері бойынша, шілдеде 23,067 млн. адам жұмыссыздар қатарында болған, соның 4,6 миллионы — 25 жасқа дейінгі жастар.
Жұмыссыздықтың ең жоғары деңгейі Грекияда тіркелген — 25%, Испанияда — 22,2%, Хорватияда — 15,1%, Кипрде — 16,3%.
Ең төмен көрсеткіш Германияда — 4,7%, Чехия мен Мальтада — 5,1%.