Жарияланды: 370

Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының жоғары лауазымды өкілдері биылғы күзде Қазақстанға ресми сапармен келуді жоспарлап отыр

Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының жоғары лауазымды екі өкілі биылғы күзде Қазақстанға ресми сапармен келуді жоспарлап отыр. Бұл туралы бүгін, 13-тамызда ұйымның Алматыдағы өкілдігінің жетекшісі Антон Рупник шағын баспасөз мәслихатында хабарлады.

Оның айтуынша, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының қазіргі басшысының Орталық Азиядағы жеке өкілі Мартти Ахтисаари мен ұйымның ұлттық азшылдықтар жөніндегі Бас комиссары Рольф Экеустің Қазақстанға ресми сапары қазан-қараша айларына белгіленген. Сапар аясында ұйым өкілдерінің мемлекет басшысымен жүздесуі жоспарланған бұл іссапардың нақты мерзімі қазір келісілу үстінде. Атап айтсақ, Қазақстанға жасайтын ресми сапары барысында Р.Экеус жалпы Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы кеңістігіндегі этносаралық қарым-қатынасқа қатысты ахуал мен аталмыш ұйымның Қазақстанмен арадағы адам құқығын қорғау саласындағы ынтымақтастығын нығайту мәселелері сарапқа салынады.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть