Жарияланды: 770

Еуропалық скрининг стандарттарын енгізу арқылы Қазақстанда сүт бездері рагын азайтуға болады

Соңғы он жыл ішінде Қазақстанда әйелдердің онкологиялық аурулары арасында сүт безі рагы бірінші орында тұр, деп Қазақ Онкология және радиология ҒЗИ-ның директоры Қуаныш Нұрғазиев мәлім етті.

«Әйелдер арасында бұл аурудың жоғарылығы соншалық, ол жалпы халық арасындағы онкологиялық дерттің 26 пайызын құрайды», - деді ол сәрсенбі күні «Интерфакс-Қазақстан» агенттігінің баспасөз орталығында өткен баспасөз мәслихатында. Қ.Нұрғазиевтің айтуынша, 1-стадиядағы сүт безі рагын емдеу бюджетке 110-120 мың теңгеге, ал 4-стадияны емдеу 27 млн теңгеге түседі. Оның 96 пайызы дәрі-дәрмекке жұмсалады. Статистикалық деректерге сүйенсек, Қазақстанда жыл сайын сүт безі рагына 3 мыңнан астам адам шалдығады екен. Бұрын бұл ауру қартаң әйелдерде болатын болса, қазір 20-30 жастағы келіншектер де сырқат тырнағына ілігіп жатады. Осы орайда Ұлттық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы директорының орынбасары Татьяна Слажнева «денсаулық сақтау саласы аурудың алдын-алуға бет бұрғанын, оның негізгі бағыттарының бірі скринингтік зерттеулер екенін» атап өтті. «Денсаулық сақтау жүйесінің ұйымдастыру шараларына қарамастан, халықтың скринингтік тексеруге ынтасының жоқтығы үлкен проблемаға айналып отыр», - деп қосты ол. 2011 жылы 50 мен 60 жас аралығындағы 443 мың 862 әйел маммографиялық зерттеуден өтсе, биылғы жылдың бірінші жартысында 222 әйел өткен.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін