Жарияланды: 420

EXPO-2017 көрмесі Астанада өткізілсе, елордаға бес миллионнан астам адам келеді

EXPO-2017 көрмесі Астанада өткізілсе, елордаға бес миллионнан астам адам келеді.

2017 жылы EXPO Халықаралық мамандандырылған көрмесін өткізуге үміткер қалалар - Астана және Льеж өкілдерінің Парижде өткен баспасөз мәслихатында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Қайрат Келімбетов осындай мәліметтерді келтірді. «Бұл санды Льежде және Астанада сараптамалық бағалау өткізген арнайы халықаралық комиссия анықтады. Олардың пікірінше, Льежге шамамен алты миллион адам, Астанаға - бес миллион адам келуі тиіс. Бұл - шамалас сандар», - деді Қ.Келімбетов. Бұл ретте, оның айтуынша, Льеж немесе Астанаға келетін адамдардың саны емес, көрме аясында өткізілуі жоспарланып отырған шаралардың әлемдік үдерістер барысына қалай әсер ететіні маңызды. «Біздің алға қойған мақсаттар - мыңжылдықты дамыту, орнықты әлемдік даму мақсаттары, «жасыл экономика» мен «жасыл энергетиканы» дамыту мақсаттары», - деп атап өтті ҚР Премьер-Министрінің орынбасары. Оның айтуынша, бұл мақсаттарға Қазақстан Үкіметі 62 миллион еуро бөледі. «Яғни біздің көрменің болуы мүмкін қатысушысы болатын 70 дамушы елдің әрқайсысына 1 млн. еуродай тиеді», - деп түсіндірді Қ.Келімбетов. Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан жеңіске жетсе, Астанадағы көрмеге 100-ден астам қатысушы мемлекеттер жиналады, соның ішінде 10-ға жуық әлемнің жетекші ұйымдары болады. Үш айдың ішінде павильондарда 5 миллионға жуық адам болып қайтады. Бұл үлкен міндеттер, жұмыстар атқаруды талап етеді, содан кейін үлкен кірістер болмақ. Естеріңізге сала кетейік, ЕХРО-2017 көрмесінің Астанада өткізілуі Орталық-Азия және ТМД аймағының елдерінде өтетін бірінші халықаралық көрмелер бола алады. Халықаралық көрме бюросының EXPO-2017 көрмесін өткізетін ел туралы шешімі 2012 жылдың 22 қарашасында Халықаралық көрмелер бюросы Бас ассамблеясының 152-ші сессиясында шығарылады, мұнда 161 мемлекет құпия дауыс беру жолымен EXPO-2017 көрмесі өткізілетін қаланы анықтайды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін