Facebook бұғатталуы мүмкін - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Facebook бұғатталуы мүмкін

Facebook бұғатталуы мүмкін

Роскомнадзор 2018 жылдың соңына дейін Facebook компаниясына тексеріс жүргізеді. Егер ол РФ территориясындағы қолданушылардың мәліметтерін локализацияламаса, әлеуметтік желіні бұғаттау мәселесі көтеріледі.

  • 18 Сәуiр 2018
  • 30
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ведомство басшысы Александр Жаров «Известия» газетіне берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Ол, сондай-ақ, өткен жылдың қараша айында Facebook компаниясымен ресейліктердің мәліметтер базасын локализациялау және тыйым салынған контентті жылдам бұғаттау мәселесін ақылдасуды жоспарлап жүргендерін айтқан болатын.

«2018 жылдың соңына дейін біз компанияға тексеріс жүргіземіз. Орындалуы тиіс бірнеше пункт бар: Ресей территориясындағы азаматтардың мәліметтер базасын локализациялау, барлық тыйым салынған ақпаратты өшіру. Олар бұл мәселені реттеуде және өзге ережелерді бұзбау мәселесінде кешігіп жатыр. Егер осылардың біреуі орындалмаса немесе Ресей билігіне белгілі бір жауап келмесе, біз аталған әлеуметтік желіні бұғаттауға мәжбүр боламыз», — дейді ол.

Ресей заңнамасы осылайша ресейліктердің мәліметін РФ территориясында сақтауды міндеттейді.


Оқи отырыңыз:

Алматы тұрғыны жоғалған ұлына 7 жылдан соң іздеу салды

Мүфтият жасанды ұрықтандыруға қатысты жаңа пәтуа шығарды

АҚШ-тың бұрынғы бірінші ханымы Барбара Буш өмірден озды

 

 

Соңғы жаңалықтар