Facebook онлайн-танысу қызметін іске қосады - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Facebook онлайн-танысу қызметін іске қосады

Facebook онлайн-танысу қызметін іске қосады

Facebook әлеуметтік желісі пайдаланушыларға өмірлік серігін табуға мүмкіндік беретін жаңа функцияны іске қосады.

  • 2 Мамыр 2018
  • 35
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы F8 конференциясында компанияның негізін қалаушы Марк Цукерберг айтты, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Reuters-қа сілтеме жасап.

«Facebook-та 200 миллион адам өздерін жалғыз деп есептейді, сондықтан бұл жерде айналысатын ауқымды жұмыс бар. Жаңа функция нақты әрі ұзақ қарым-қатынастарды қалыптастыруға көмектеседі және бір түндік байланыстарға арналмаған», — деді Цукерберг.

Онлайн-танысу қызметі бірнеше айдан кейін іске қосылады. Бұл туралы Facebook-тің бас маманы Крис Кокс мәлімдеді.

Facebook-тың жаңа функциясы әлеуметтік желілерде пайдаланушылар уақытын арттырып және бәсекелестер үшін маңызды мәселе болады.

Цукербергтің мәліметінен кейін Tinder онлайн-танысу қызметінің акциясы 18 пайызға азайып, ІАС шамамен 14 пайызға төмендеген.

Оқи отырыңыз:

Депутат жалақысы аз колледж мұғалімдерінің мәселесін қозғады

Бұл қалай? Жаңадан тағайындалған Экономика вице-министрі мектепті бітіре сала ұлттық компанияда жұмыс істеген

«Бәйтеректің» қасына қой жайған қостанайлық жазаланды

 

Соңғы жаңалықтар