Оның айтуынша, еуроаймақ елдерінің еуро валютасы қабылданғанға дейін қолданыста болған ЭКЮ валюталық жүйесіне көшкені дұрыс.
«ЭКЮ ұлттық валюталармен параллель жұмыс істеді. Мұндай жүйе француздардың күнделікті өміріне ешқандай да кедергісін келтірмейді», — дейді Ле Пен.
BBC хабарлауынша, Ле Пеннің экономикалық кеңесшісі егер Ле Пен сайлауда жеңіске жетсе, елдің франкқа көшуі күн тәртібіне қойылатынын айтты.
Иммиграцияға қарсы және ЕО-ға күмәнмен қарайтын Ле Пен партиясы өткен жылдың желтоқсанында өткен Францияның жергілікті билік органдарына өткен сайлауда 27 пайыз дауыс жинаған еді.