Франция қазақтары латын әрпіне көшуді қолдайды - kaz.caravan.kz
  • $ 487.17
  • 565.65
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Франция қазақтары латын әрпіне көшуді қолдайды

Франция қазақтары латын әрпіне көшуді қолдайды

Франциядағы қазақтар төл тілінің латын қарпіне ауыстырылуын қолдайды. Ата-бабалары кәрі құрлыққа өткен ғасырда қоныс аударғандықтан, бірнеше еуропалық тілде сөйлейтін этникалық қазақ жастары латын қарпі туған тілді ұмытпау үшін қажет деп отыр.

  • 3 Қыркүйек 2017
  • 490
Фото - Caravan.kz

Олардың пайымдауынша, қазақ тілі грамматикасының жаңғыруы – өзге тілдің бәрін біліп, өз тілін құрметтейтін қандастар үшін зор мүмкіндік, деп хабарлайды "Хабар-24".     

— Бізге өте қуаныш болды, өйткені шетелде өмір сүрген қазақтарға, әсіресе кейінгі ұрпаққа өте жақсы болады. Қазақ латын әрпіне көшетін болса, олардың Қазақстанға деген сезімі оянады, оқып көреді, қазақ екенін, тарихын, келешекті үйренуі мүмкін, — Франция тұрғыны Табарак Догу. 

Ал Франция қазақтары мен түріктері қауымдастығының басшысы Мустафа Услужан: "Қазақстаннан кітап алғанда, біздегілер оны түсінбейді. Соны латынша жазса, тез үйренеді деп ойлаймын" дейді.