Францияда электр энергиясын өндіретін «ағаш» жасалды - kaz.caravan.kz
  • $ 491.37
  • 570.48
+28 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Францияда электр энергиясын өндіретін «ағаш» жасалды

Францияда электр энергиясын өндіретін «ағаш» жасалды

Францияның бір топ инженері желдің көмегімен электр энергиясын генерациялауға қабілетті жасанды ағашты жасады.

  • 3 Желтоқсан 2014
  • 340
Фото - Caravan.kz

Дыбыссыз жұмыс істейтін бұл құрал энергияны желдің екпіні аз болған жағдайда да өндіре алады, деп хабарлайды Hi-Tech.

«Энергия ауадан алынып, ваттарға ауыстырылады», — дейді Wind Tree жобасының авторы Жером Мишо-Ларивьер, ол 2015 жылы экологиялық таза электр стансасының сатылымын бастауды жоспарлап отыр.

Құрал жел энергиясын электр энергиясына айналдыратын «бұралған жапырақтар» түріндегі шағын пластиналардан тұрады. «Ағаштың» тағы бір артықшылығы — оның еш дыбыссыз жұмыс істейтіні.

Инженерлер 8 метрлік жобаны жасау үшін үш жыл уақыттарын жұмсады. Энергияны генерациялайтын «ағаш» Францияның солтүстік-батысындағы Плюмер-Боду коммунасында орнатылды. Бір Wind Tree-дің құны шамамен 30 мың еуроны құрайды. Оны орнату қарапайым жел генераторын орнатуға қарағанда тиімдірек, өйткені ол желдің екпіні небәрі 4 м/с болғанда да энергия өндіре береді.