Францияда қаза болған қазақ отбасының туыстары Еуропаға аттанады - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Францияда қаза болған қазақ отбасының туыстары Еуропаға аттанады

Францияда қаза болған қазақ отбасының туыстары Еуропаға аттанады

Франциядағы әуе апатынан қаза тапқан қазақ отбасының жақындары таяу күндері Еуропаға жолға шықпақ. Мәйіттерді тануға марқұм Ербол Иманқұловтың қайын апасы барады.

  • 1 Сәуiр 2015
  • 236
Фото - Caravan.kz

Франция жандармериясының хабарлауынша, лайнер құлаған жерден мәйттердің 700-ге жуық бөлігі табылыпты. Әзірге ДНК арқылы оның 78-нің ғана аты-жөні анықталған. Еске салсақ, 24-ші наурызда Францияның онтүстігінде «Germanwings» әуе компаниясына тиесілі «Airbus A-320» ұшағы құлап, 150 адам қаза тапқан еді. Іздестіру жұмыстары әлі де жалғасып жатыр. Апаттың ресми себебі айтылған жоқ. Бірақ қара жәшікке сүйемелденген болжам бар. Оған қарағанда, лайнердің құлауына ұшқыштың бірі — 28 жастағы Андреас Любиц себепші болған. Жігіт суицид жасауға оқталып жүргенін әлеуметтік желіге жазып қалдырыпты. Және оның гомосексуалистер сайтына кіріп, психиатрға барып жүргені де анықталып отыр. Қаза тапқандар арасында біздің де 4 жерлесіміз бар. Олар – «Тау-кен Темір» компаниясының басшысы 50 жастағы Ербол Иманқұлов, оның әйелі мен ұлы және бұрынғы отандасымыз, 54 жастағы опера әншісі Олег Брыжак.