Футбол: Қазақстан кубогі үшін ойында «Ақжайық» Ақтауда «Каспийді» ұтты - kaz.caravan.kz
  • $ 464.77
  • 541.36
+30 °C
Алматы
2026 Жыл
31 Тамыз
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Футбол: Қазақстан кубогі үшін ойында «Ақжайық» Ақтауда «Каспийді» ұтты

Футбол: Қазақстан кубогі үшін ойында «Ақжайық» Ақтауда «Каспийді» ұтты

Кеше Қазақстан кубогі үшін өткен іріктеу ойындарында Оралдың «Ақжайығы» Ақтауда жергілікті «Каспиймен» кездесті.

  • 17 Мамыр 2012
  • 462
Фото - Caravan.kz

«Каспий» бірінші лигада ойнайтын команда болғанымен, оңай шағылатын жаңғақ емес. Сол себепті «Ақжайық» алаңға негізгі құраммен шықты. Матчтың 20-минутында «Каспийдің» шабуылшысы Ерлан Мөрліханов есеп ашқанымен, тайм соңында «Ақжайықтың» биылғы маусымдағы мерген ойыншысы Игорь Зенькович есепті теңестірді. Ал екінші таймда Константин Зотов пен Алексей Мальцев қос доп соғып, есепті 3:1-ге жеткізді.

Келесі айналымға өткен «Ақжайық» 20 маусымда кезекті кездесуін өткізеді. Қарсыласы жеребе тартылғаннан кейін белгілі болады.