Футболдан ел чемпионатында «Ақтөбе» көш бастады - kaz.caravan.kz
  • $ 485.82
  • 554.03
+32 °C
Алматы
2026 Жыл
30 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Футболдан ел чемпионатында «Ақтөбе» көш бастады

Футболдан ел чемпионатында «Ақтөбе» көш бастады

Футболдан Қазақстан чемпионатының 14-ші туры өз мәресіне жетті. Бұл айналымда “Атырауды” қабылдаған көшбасшы “Ақтөбе” 0:0 есебімен тең тарқасты. Ал Алматыда жергілікті “Қайратпен” кездескен “Қайсар” алаң қожайындарына есе жіберді.

  • 30 Мамыр 2014
  • 245
Фото - Caravan.kz

Соңғы турларда лайықты ойынымен ерекшеленіп жүрген қызылордалықтар қанша тырысқанымен керек нәтижеге қол жеткізе алмады. Кездесудің 10-шы минутында “Қайсар” қақпашысы Кирилл Прядкин Аслан Дарабаевтың соққысына тосқауыл бола алмады. Үзілістен кейін қонақтар бірнеше өткір шабуыл ұйымдастырып көрген. Алайда таблодағы есеп өзгеріссіз қалды. 1:0 “Қайраттың” пайдасында. 14-ші турдан кейін “Ақтөбе” бірінші, “Шахтер” мен “Астана” тиісінше екінші үшінші орында.

 

Биылғы маусымды өте табысты аяқтаған мадридтық “Атлетико” жаңа футболшымен толықты. Енді Испания чемпионы сапында Аргентиналық жас талант Анхель Коррера өнер көрсетпек.

19 жастағы шабуылшы Аргентинаның “Сан-Лоренсо” клубында өнер көрсеткен. Енді медециналық тексерістен кейін ол 5 жылдық келесім шартқа қол қойады. Есесіне Мадридтық клубтан 3 футболшы кететіні мәлім болды. Давид Вилья американың “Нью-Йорк Сити” клубына ауысса, Диего Түркияның “Фенербахче” командасына қоныс аудармақ. Сондай-ақ тәжірибелі жартылай қорғаушы Тиаго Мендеш лондондық “Челсиге” қайта оралатынын жеткізді.       

  


Францияның ашық чемпионатында өнер көрсетіп жатқан соңғы қазақ теннисшісі Ярослава Шведова да жарыстан тыс қалды. Кезекті ойын күні тағы жерлесіміз  Михайл Кукушкин  турнирдің 10-шы ракеткасы америкалық Джон Изнерге есе жіберді.

Қазақ теннисінің тағы бір өкілі Александр Недовесов төрт сетке жалғасқан бәсекеде чех Томаш Бердыхтан ұтылды. Осылайша үлкен дулыға аясындағы бәсекеде қазақ тенисшілері қалған жоқ. Ал Әлемнің бірінші ракеткасы Серена Уильямс пен  испаниялық Габринье Мугуруса арасындағы матчта  күтпеген нәтиже тіркелді. Ролан Гарростың былтырғы жеңімпазы өзінің чемпиондық атағын қорғап қала алмады. 1 сағат 4 минутқа жалғасқан екі сеттегі  бәсекеде 2:6 есебімен әлемнің 35-шы ракеткасы Габринье Мугурусаның пайдасына шешілді.