Футболдан ел құрамасы Тәжікстанды ұтты - kaz.caravan.kz
  • $ 487.02
  • 552.23
+30 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Футболдан ел құрамасы Тәжікстанды ұтты

Футболдан ел құрамасы Тәжікстанды ұтты

Астанада шайбалы хоккейден Қазақстан Президенті кубогы үшін 5-ші халықаралық турнир мәресіне жетті. Бас бәйге сарапқа түскен шешуші бәсекеде  «Барыстан» мерейін асырған  Омбының «Авангарды» дәстүрлі жарыстың жеңімпазы атанды.

  • 14 Тамыз 2014
  • 256
Фото - Caravan.kz

Алғашқы үзіліске дейін екі жақтың қорғаныс шебі қателікке бой бере қойған жоқ. Есесіне матчтың екінші бөлігі нәтижелі шықты. Алдымен Евгений Рымарев есеп ашса, қарап қалмаған қонақтар «Барыстың» қақпасын үш рет дәл көздеді.  Аса шиеленісті өткен соңғы кезеңде екі жақтың да мергендері аянып қалмады.  Алайда  Астанадағы додаға жақсы дайындықпен келген омбылық хоккейшілер бұл жолы мықтылық танытты. Қорытынды есеп 3:5. Мәртебелі жарыстың қола жүлдесі  новакузнецкілік «Металлургтің» еншісінде кетті. Олар үшінші  орын үшін өткен  кездесуде  Нижнекамскілік «Нефтехимиктен» басым түсті

Еліміздің ұлттық құрамасы 2016-жылғы Еурододаның іріктеу ойындары алдында ,  кезекті жолдастық кездесу  өткізді. Бұл жолы Юрий Красножан командасы Тәжікстан құрамасымен күш байқасты.

Ел болып еңсе көтергелі бері біздің ұлттық құрама бас бапкерге жарымай-ақ қойды.  Осы жылдың ақпан айында тізгінді ресейлік маман Юрий Красножанға ұстаттық.   Бас жаттықтырушымен оның шәкірттерін алда 2016-жылғы Еурододаның іріктеу ойындары күтіп тұр. Бүгінгі ойынға Юрий Красножан жастарды көптеп тартыпты.  Әсіресе,  қаракөздердің саны артқанына қуандық. Әрине мұның бәрі әзірге бас команданы жасақтау мақсатында жүргізіліп жатқан  іс-шаралар екені белгілі.  Тікелей ойынға келсек, Алматыда өткен матч 2:1 есебімен біздің пайдамызға шешілді. Осы бәсекеде  есеп ашқан  Бауыржан Исламханның өнері жақсы әсер қалдырды. Екінші голдың авторы  Ұлан Қонысбаев. Сондай-ақ Таңат Нөсербаев пен Азат Нұрғалиевтің да  ойын -өрнегін  атап кетуге болады. 


Мадридтық «Реал» жаңа маусымдағы алғашқы жүлдесіне қол жеткізді. Уэльсте  өткен УЕФА супек кубогы жолында «Корольдік клуб» 2:0 есебімен «Севильядан» басым түсті.

Төреші ысқырығы естілісімен ойын тізгінін уысынан шығармаған Карло Анчелотті шәкірттері алдағы маусымға тас түйін дайын. Командаға жаңадан келген легионерлер де өзін жақсы жағынан көрсете білді. Дегенмен бұл кеште «Реалдың» супер жұлдызы Криштиану Роналдуды тоқтату мүмкін болмады. Португалдық сұрмерген қос голдың да авторы атанды. 30-шы минутта Гарет Бейлдың сол қапталдан шығарған пасын қақпаға дәл бағыттаған ол, екінші таймда да «Севилья» қорғаушыларын сан соқтырып кетті. «Реал» өз тарихында осымен екінші рет мәртебелі турнирдың кубогын жеңіп отыр. 2002-шы жылы испандықтар голландияның «Фейноорд» командасын 3:1 есебімен ұтқан болатын.          

Бүгінге осы! Спортпен шұғыл данып сергек жүрейік!