Жарияланды: 650

Г. Марченко: ХВҚ-ның жаңа басшысының кандидатурасы үшін дауыс беру шарттары ТМД үміткерлері үшін кедергі болады

Халықаралық валюта қорының (ХВҚ) басшысы қызметіне кандидат үшін дауыс беру шарттары Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерінен үміткерлер үшін кедергі болады, деп есептейді ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Григорий Марченко.

«Шындығында атқарушы директорлар, яғни, ХВҚ-ның директорлар кеңесінің мүшелері дауыс береді. Ал онда, мысалы, белорусбельгиялық топқа кіреді, Украина менАрмения голландиялық, біз - Орталық Азияның барлық елдері швейцариялық топқа кіреміз. Егер олардың директорлары, сәйкесінше, белгиялық, голландиялық және швейцариялық Еуропаның кандидаты үшін дауыс берсе, ТМД-нің дауыстары есептелмейді», - деп мәлім етті Г. Марченко жексенбі күні «Портрет недели» бағдарламасына сұхбат беру барысында. «Дауыс беру процедурасы қаншалықты әділ және демократиялық түрде өтетіні туралы мәседе осындай. Бұл тақырып (сайлаудың демократиялылығы – ҚазТАГ) ұзақ тақырып екені сөзсіз», - деп атап көрсетті ол. Ұлттық банктің төрағасы ТМД-дан кандидаттың жеңіске жететініне күмәнданатынын жеткізді. «Бұл жолы дамушы елдер жеңіске жете алмауы да мүмкін», - деп болжады ол. «ХВҚ-дағы бірінші қызметтен өз еріктерімен бас тарту еуропалықтар үшін тиімсіз екені сөсзсіз», - деп есептейді Ұлттық банк басшысы. Сондай-ақ, Г. Марченко алдағы уақытта ХВҚ-ның жаңа басшысы, бұл қызметке ТМД елдерінен кандидат өтсе, тіптен, өз орнынан айырылып қалмау үшін аса сақ болуға тиіс екенін атап көрсетті. «Кім болса да, аса сақ болуға тиіс», - деді Ұлттық банк басшысы. Бұған дейін хабарланғандай, ХВҚ басқарушы – директорының қызметіне үміткерлердің шорт-парағы белгілі болды. Кандидаттардың ішінде Ұлыбританияның бұрынғы премьер-министрі Гордон Браун, Түркияның бұрынғы экономика министрі Кемаль Дервиш, Сингапурдың қаржы министрі Тарман Шанмугаратнам және ОАР бұрынғы қаржы министрі Тремор Мануэль. ХВҚ басшысының қызметіне ресми тізімді жасау 10 маусымда аяқталады. 30 маусымда валюта қоры жаңа басшысын сайлайды. Қазіргі уақытта бұл қызметке Францияның қаржы министрі Кристин Лагардтан басқа, ҚР ұлттық банкінің төрағасы Г. Марченко (ТМД-нің ортақ кандидаты – ҚазТАГ) және Мексиканың қаржы министрі Агустин Карстенс кандидат болып отыр. Еске сала кетейік, ХВҚ-ның экс-басшысы Доминик Стросс-Кан жеке басына қатысты жанжалға байланысты қызметтен кетті. ХВҚ тарихында 10 басқарушы – директор болған. Алғашқысы бельгиялық Камиль Гутт, кейін екі рет шведтер болды, бір-бірден Голландия, Германия және Испания өкілдері басқарды. Д. Стросс-Кан ХВҚ басшысы қызметін атқарған 4-шіфранцузболды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін