Газ таратушы мекеме қызметкері алаяқтықпен айналысқан - kaz.caravan.kz
  • $ 487.02
  • 552.23
+30 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Газ таратушы мекеме қызметкері алаяқтықпен айналысқан

Газ таратушы мекеме қызметкері алаяқтықпен айналысқан

Түркістан облысында тұрғындарды алдап, ақша бопсалаған газ таратушы мекеме қызметкері анықталды.

  • 19 Тамыз 2019
  • 22
Фото - Caravan.kz


Халықты көгілдір отынмен қамтушы компанияға қатысты мекеме жұмысшылары абонетпен келісіп, есептеуіш құрылын кері айналдыруды әдетке айналдырған. Сөйтіп, оңай жерден ақша табуға кірісіпті.

Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

"Аңқау елге арамза молда" демекші, газ таратушы мекеменің қызметкері кез-келген абоненттің есептегіш құралын тексеріп, дұрыс жұмыс істемей тұрғанын айтады екен. Егер ауызбастырық берсе, немесе, тез арада жөндеп беруді қажет деп тапса, ақысына келеседі. Болмаса, ірі көлемде айыппұл төлейсің деп қорқытады екен.

Міне сізде ай сайын 256 текше метр көгілдір отын пайдаланғаныңыз көрсетіп тұр. Қазір, жаз айы шамамен 100 текше метр пайдаландыңыз дейік. Ал, олар келіп тексергенде, бір кінәрат бар екенін сезеді. Сөйтеді де, дереу есептегіш құралыңызды шешіп алып кетеді.

Бұл жігіт аудандық газ тарату компаниясына қарасты мекемеде маман болып жұмыс істейтіні анықталды. Ол дәл осындай тәсілмен, бірнеше адамды тақырға отырғызыпты.

Алаяқ жігіттің арбауына түсіп қалған Любовь Горшкова енді бармағын тістеп отыр. Онымен бірге сол маңдағы 2-3 көршісі де есептеуіш құралын ауыстырғызыпты. Сөйтіп, қомақты ақша берген екен.

ЛЮБОВЬ ГОРШКОВА, АҚСУКЕНТ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: «Ол менің газ есептегіш құралымның тоқтап тұрғанын айтты. Дұрыс жұмыс істемейді деді. Сөйтті де өзі құрылғыны шешіп алып, "Қарасу" елді мекенінде жөндетіп, екі күннен кейін қайта орнатты. Бірақ, ешқандай құжат бермеді. Жұмыс ақысы деп менен 10 мың теңге алды.

Осы күні пысықай жігіт ұсталып, полицияға жауап беріп жатыр. Оған қатысты тергеп тексеру амалдары басиалып кеткен.

САПАРБЕК МҰҒАЛБЕКОВ, ГАЗ ТАРАТУШЫ КОМПАНИЯНЫҢ ЗАҢГЕРІ:  «Жұмысшы ақауы бар есептегіш құралын шешіп, тек тексеруі қажет. Бірақ, ол онысымен қоймай, құрылғының пломбасын да кесіп тастап, механикалық әдіспен кері айналдыруы да мүмкін. Ал, бұл әрекет тұтынушының жеткілікті деңгейде көгілдір отынды пайдаланғаны былай тұрсын, оған едәуір шығын келтіруі ғажеп емес. Оның үстіне, біздің компанияға да материалдық шығын келтіреді.

Газ таратушы компания қызметкерлерінің сөзінше, мұндай дерек ел арасында жиі кездесіп отырады екен. Сондықтан, өз ызметкерлері арасында тексеру жұмыстарын бастамақшы.